BASTY BETBILİKTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Кездесу барысында Президентке компанияның биылғы тоғыз айдағы қызметінің нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік уран нарығындағы ахуал, атом энергетикасын дамытудағы қазіргі үрдістер мен бағыттар, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық атом индустриясындағы позициясын нығайтуға арналған жоспарлар туралы ақпарат берілді.

Мейіржан Юсуповтың айтуынша, жасанды интеллект технологияларының жедел дамуы мен дата-орталықтардың энергия тұтынуының артуына байланысты уранға деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. Сонымен қатар жаңа атом реакторларын салу қарқынының артуы нәтижесінде 2030 жылдан кейін әлемдік нарықта уран тапшылығы байқалуы мүмкін.

Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау және еліміздің минералдық-шикізат базасын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқаны баяндалды. Бұл жұмыстар Президенттің Жолдауында белгіленген міндеттер аясында жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, биыл екі жаңа учаскеде барлау басталып, жалпы ауданы мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде зерттеу жүргізілуде.

Компания сирек кездесетін металдарды өндіру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағыттарын жетілдіруді көздейді.

2025 жылдың қыркүйек айында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының нарықтық капитализациясы тарихи ең жоғары көрсеткішке жетіп, 14 миллиард АҚШ долларынан асты. Компания акциялары IPO-ға шыққан кезден бері 4,5 еседен астам өскен.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ресурс базасын одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді қатысу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *