Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!
JAŃALYQTARQOǴAM

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІНЕ ІРІКТЕУ

Ұлттық спорт күні  Таразда «Қазақстан барысы» облыстық турниріне іріктеу жарысы өтті. Дәстүрге айналған сайыста чемпион атану үшін өңірдің үздік 73 балуаны бас қосты. Спортшылар 8 салмақта және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған. «Қазақстан барысы» республикалық байқауы да соның айқын дәлелі, – дейді ұйымдастырушылар.

– Тараз қаласы әкімдігінің спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін өздеріңіз куә болып отырғандай, «Қазақстан барысы» қалалық турнирі өтіп жатыр. Біз осы азаматтарға облыстық турнирден жеңіспен оралуына тілектеспіз, – деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сланбекова.

Турнир алдымен аудан балуандарының іріктеуінен басталды. Енді ол қала деңгейінде жалғасуда. Қалалық турнирде 1, 2, 3-орын алған түйе балуандар 5-6 мамырда өтетін облыстық іріктеуге қатысады. Жалпы, «Қазақстан барысы» турнирінде өңір намысын ауданнан – 2, шаһардан – 3 балуан қорғайтын болады.

– Менің жарысқа келудегі басты мақсатым – чемпион атанып, ауылға жеңіспен оралу. Қарсыластарыма сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін! Чемпион болсам деймін, бұйыртса, – деді спортшы Мұрагер Базарбай.

Айта кетейік, жеңімпаз спортшылар қала әкімдігінің медальдары, дипломдары, кубоктары және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Ал абсолюттік салмақ дәрежесінде жүлдегер атанған балуандарға ақшалай сыйлықтар табысталды:
І орын – 300 000 тг, ІІ орын – 200 000 тг, ІІІ орын – 100 000 тг.

Автор: Зарина Мырзашева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *