BASTY BETDENSAÝLYQJAŃALYQTAR

40 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

Жамбыл облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 40 жедел жәрдем көлігі табысталды. Енді жыл соңына дейін тағы 30 бірлік қызметтік көлік берілмек.

Қазіргі таңда облыс аумағында медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының 235 білік автокөлік бар болса, оның 112 тозығы жеткен. Жыл соңына дейін берілетін 30 автокөлік бұл көрсеткішті 18 пайызға дейін төмендетеді дейді жауаптылар. Салтанатты шарада осылай деген аймақ басшысы, саланы дамытуға бағытталған мұндай қолдаулар ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, ана мен бала өліміне араша түсуге септігін тигізуі тиіс екендігін атап өтті.

– Ұлт денсаулығы біздің мемлекетіміздің саясатының басты бағыттарының бірі болып отыр . Осы орайда, елімізде азаматтардың денсаулығын жақсартуға, әл-ауқатын арттыруға ерекше ден қойылуда. Бүгінде медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге жан-жақты жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылуда,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Жедел жәрдем көліктерінің жалпы құны 758 млн тенгені құрайды. 10 ауданға, Тараздағы №5 және7 қалалық емханалар мен облыстық, қалалық перинаталдық орталыққа, облыстық патологиялық-анатомия бюросына да автокөлік табысталды.

– Медициналық көлігіміз ескі болып, 2004 жылдан бергі біраз қиналып отқан жағдай еді. Біз ауылдық қауымдастық мүшелері осы мәселені көтеріп 1 жылдай болды. Мынау облыстық дентаулық сақтау басқармасы басшысы Жанар Мықтыбекқызы қолдап айтқанымызды, бірақ мына облыс қаражаттан қиналып отырған. жаңа облыстың әкімі келіп жергілікті бюджеттен ақша бөліп бүгін жаңа машинаға қолымыз жетіп отыр. ел қуанып жатыр жаңа машиналы болатын болдық,-дейді Жалғасбек Таукебаев, Талас аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

Аймақ басшысының айтуынша, халықты сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатындағы былтыр 19 нысан пайдалануға берілген. 11 нысан күрделі жөндеуден өтіпті. Барлық жұмыстарға 5 млрд тенгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Бұл бағыттығы жұмыстар биылғы жалғасын таппақ. Айтадық, 24 медициналық нысанның құрылысы жүзеге аспақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *