Storytelling

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Таразда дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды. 9 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауға 301 отбасы бақ сынап, оның тек 22 сі облыстық деңгейге жолдама алған. Үлгілі деп танылып, үздіктер қатарынан көрінген отбасылар алдағы бейнематериалда.

Бүгін ақтық сында бақ сынаған 6 отбасы үшін мереке. Жүлдегер атанғандар көпке үлгі боларлық істерімен көзге түскендер. Үздік үштікке Талас пен Жуалыдан келген екі отбасы іліккен. Екінші орынға Тараз қаласынан екі жеңімпаз таңдалған. Бас жүлдені Мойынқұмдық Исабековтер мен Шу ауданынан келген Мадалиевтер әулеті алды. Жеңімпаздарға жүлделерді аймақ басшысы табыстады.

– 22 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды бұл отбасылардың бір өнер білім бір қатары спорт ғылым саласындағы бір қатары дәрігерлер ұстаздар ауыл шаруашылық саласындағы қызметкерлері қай қайсысын алып қарасаңызда әулетті абыроймен асырап шаңырақтың шаттығына кенеліп отырған жандар,-дейді Нұржан Нұржігітов жамбыл облысының әкімі

Сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған Мадалиевтер әулетінде 5 ұл мен 5қыздан 30 немере 21 шөбере тараған. Олар Шу ауданындағы әлеуметтік аз қамтылған 3 отбасыға баспана сыйлаған. ал Бұған дейін отанасы «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсының 2 орын йегері атанса, ұлы Жомарт жүрек байқауының жеңімпазы.

– Мерейлі отбсы деген атақтық өзі қандай ол енді ел бір баласынд асырай алмай жүр біз әйтеуір бар шамамыз келгенше 10 баламызды жеткізіп немерені жеткізіп енді шөбереге түсіп отырмыз,-дейді байқау жеңімпазы Шымшық Мадалиева
Айта кету керек, 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауға осы уақытқа дейін 1800 астам отбасы қатысқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *