Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!
BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТАПСЫРМАСЫМЕН «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» АУМАҒЫНДАҒЫ ӨРТТІ ҮЙЛЕСТІРУ ҮШІН МИНИСТРЛЕР АБАЙ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Абай облысына жіберілді, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Министрлердің өңірге сапары «Семей орманы» аумағындағы орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында ұйымдастырылды.

Үкімет басшысы жақын орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрттің әрі қарай таралуына жол бермеу шараларын күшейтуге тапсырма берді.

2026 жылғы 16 шілде сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, өртті сөндіру жұмыстарына 400-ден астам адам мен 100-ге жуық арнайы техника тартылған. Өрт аумағына 100 тоннадан астам су себілген.

Жедел штабтың жұмысы Премьер-министр Олжас Бектеновтің жеке бақылауында.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *