ПЕДАГОГТЕР ФЕСТИВАЛІ
Ұстаз ұлғатты есім, ал олардың шәкірттерге білім берудегі еңбегі ұшан-теңіз. Бұл – үлкен өнер жолы десек, мұғалімдердің біліммен қатар өнерде де өзіндік орны бар. Осы орайда «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты облыстық педагогикалық көркемөнерпаздарының 8-ші фестивалі өтті. Онда білім саласы қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер көайымына айналды, деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Дәстүрге айналған облыстық фестиваль биыл Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуына орай өтті. Фестиваль ережесі бойынша өнердің бірнеше бағыты қамтылған. Ұстаздар – ән, би, көркем сөз оқу, драма, хор секілді сан-салалы өнер түрлерін көрсетіп, өздерін басқа қырынан танытты.
- Бұл фестивальге барлық 160 білім беру ұйымдарнан педагогтер қатысып жатыр. Аталмыш фестивальдің мақсаты – дарынды ұстаздарымызды анықтау. Ұстаздар тек тәрбиешілер ғана емес, олар талантты әртістер, драматургтер, тіпті ақындар-,дейді Білім беру кәсіподағы қалалық комитетінің төрағасы Ирина Костина.
Фестивальге «Білім кәсіподағы: 100 жыл – бір бағыт, бір мақсат, бір мүдде» тақырыбы арқау болған. Өнер мен білімді сабақтастырып, өскелең ұрпақты өрге жүздіруге ниетті қатысушылар қатарында мектеп директорлары да бар.
- Бүгінгі фетивальге үлкен дайындықпен келдік. Мен өз нөмірімде жеке әніммен өнер көрсетемін. Жлапы байқауға қатысып жатқан әрбір ұстазға айтарым сәттілік серігі болсын, жеңіс тілеймін. Осы орайда Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымына алғысым үлкен. Сіздерге көп рақмет! -, дейді Тараз қалалық №47 мектеп директоры Айжан Әбдешова.
Шара соңында қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша «үздік» деп танылған ұстаздарды марапаттады. Ал , фестивал келер жылы да өз жалғасын таппақ.