РЕФЕРЕНДУМДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІ

Саяси науқанға Меркі жұртшылығы да белсене қатысуда. Аудандағы сайлау учаскелерінде Мемлекеттік Әнұран шырқалып,  дауыс берушілер үшін есіктерін айқара ашты. Меркі ауылы бойынша учаскеге ең алғаш келген Алмагүл Атабекова мен Светлана Айсаева. Олар мемлекет үшін маңызды қадамда бей-жай болмай,  болашақтың жарқын болуына өз үлестерін қосуға келген.

  • Барлық референдум учаскелерінде дауыс берушілер үшін жағдай жасалынған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға. Учаскелердегі қауіпсіздік пен әділдікті арнайы бақылау тобы қадағалап жүр.

 Нұржан ТҰЛАҚБАЕВ  №275 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл – Конституциялық реформа. Президентіміздің наурыз айындағы жолдауындағы саяси рефоррмаларын жүзеге асыру. Комисия мүшелері барлық сайлауылармен жұмыс атқарып келе жатыр. Біздің сайлау учаскесінде 2442 тұрғын оның 12-і мүмкіндігі шетеулі. Үшеуіне ү.йіне апарылады. Ал бір азаматымыз әскерде.

  • Айта кетейік, Меркі ауданы бойынша жалпы 41 референдум учаскесі бар болса, 54 135 дауыс берушілер тіркелген.

 

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.