BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

“БАС РЕДАКТОРЛАР” клубының жұмысы қайта жанданды

Бүгін «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері бас қосты. Келелі кездесу мақсаты – есеп беру, басқарма және жаңа мүшелерін сайлау, алдағы атқарылар тірліктерді тиянақтау.

2007-жылы құрылған «Бас редакторлар Клубы» – Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері мүшесі болып табылатын ерікті қоғамдық бірлестік. Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаты – еліміздің медиа саласының шығармашылық әлеуетін нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті дамыту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қалыптастыруға үлес қосу .

Есеп беру кездесуде Клуб құрылған күннен бастап атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралары туралы белгілі журналист, медиаменеджер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай баяндады.

Басқосуға қатысқан әріптестер жаңа медиа мен дәстүрлі медианы сабақтастыра отырып аудиторияға сауатты әрі өзекті материалдарды ұсыну, аймақтардағы журналистердің біліктілігін арттыру, әлемдік медиакеңістікте қазақстандық медианың рөлін нығайтып, халықаралық байланыстарды дамыту, жаңа буын қалыптастыруда сала ардагерлерінің тәжірибесін негізге алу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің жаңа құрамдағы басқарма және жаңа мүшелері сайланды.
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:
1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор;
2. Ринат Кертаев – «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры;
3. Қамбар Ахметов– журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары;
4. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон» газетінің бас редакторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
5. Нұрбол Төлебаев – «QRNews.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, Phd доктор;

Клубтың жаңа мүшелері:
Ильхам Ибрагим – «7 арна» бас директоры;
Жайнагүл Төлеміс – «Хабар» телеарнасының директоры;
Жасын Біркенов – «24KZ» телеарнасының директоры;
Нағашыбек Алдан – «Казинформ» АА бас редакторы;
Нұрбол Төлебаев – QRNews ақпараттық агенттігінің бас директоры;
Зарина Қуатова – «ТARAZ 24» телеарнасының директоры.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып журналист, медиаменеджер Бибігүл Құламан бекітілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *