BASTY BETJAŃALYQTARАймақ

СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Жамбыл облысында 2025 жылдың соңына дейін 13 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Ондағы су көлемі 46 миллион текше метрден асады. Үшеуі ірі, 10-ы шағын болады. Қазірдің өзінде 3 су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Осының арқасында 3 жыл ішінде вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көзіне тәуелділік 50%-ке дейін азаймақ,- деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Өткен жеті де Жамбыл облысына ҚР Парламенті сенатының депутаты Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен келді. Сенат депутаты өз сөзінде  өңір үшін 20-30 жылға арналған перспективті жобалар қажет екендігін баса айтты. Сонымен қатар іссапары аясында Жамбыл мен Жуалы аудандарына арнайы барып су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстарымен танысқан еді. Гидробекетті қайта жаңғырту жұмыстарын көзбен көріп, Байзақ ауданындағы Талас өзені бойындағы жағалау жұмыстары мен Жуалы ауданындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының қазіргі жағдайымен барлап қайтты.

Облысқа келген ҚР парламент сенаты Бекболат Серікбекұлы арнай  Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында барды. Естеріңізге сала кетейік 15 сәуірде толассыз жауын-шашынның салдарынан  көлбеу ағын тұрғын үйлердің ауласына кірген еді. Қазір осы сынды табиғи қауіптің алдын алу мақсатында ауыл аумағынан 12 шақырым ұзындықта арық қазылған.  Елдімекенге арнайы келген Бекболат Серікбекұлы аталған жұмыстарды пысықтап қайтты. Сондай-ақ Бекболат Орынбеков ауылда орналасқан гидробекетті қайта жаңғырту жұмыстарымен де танысты.

  • Екі ірі өзеніміз бар Талас өзені Скиро су қоймасынан басталатын 550млн. Сол себептен осы гидробекетті автоматтандырылып, қазір жұмыстар басталайын деп жатыр. Ары қарай қырғыз мемлекетімен бірлесе отырып, осы жұмыстар қолға алынады,- дейді ҚР парламенті сенатының депутаты Бекболат Орынбеков

Жұмыс сапары Жуалы ауданында жалғасатынын айтқан депутат Аса өзенінің бойындағы Шөлдала көпірін,  Аса су торабының жұмысын көзбен көрмек.  Байзақ ауданындағы Талас өзені бойындағы жағалауды бекіту іс шараларын да барлайды. Ал Жуалы ауданында Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының қазіргі жағдайымен таныспақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *