BASTY BETQOǴAMQONAQKÁDETARAZ 24 ONLINE

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Қазақ-түрік өнерпаздары Алматыда флейталық музыка кешін өткізді.

15 мамырда Алматыдағы “Aubakirova Art Space” мектебінде Қазақстан Республикасының Халық Әртісі Жәния Әубәкірованың ұйымдастыруымен классикалық музыкалық кеш өтті. Концерттің салтанатты ашылуында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ мырза келіп көрермен болды.

Бүгінгі кештен ерекше әсер алдым. Музыканттардың өнеріне сөз жоқ. Бұл шара екі ел достығының айқын көрінісі деп айта аламын”, – деді Эврен Мүддерисоғлұ.

Мәдени шараға Анталия Симфониялық Оркестрінің әйгілі флейташысы Леля Байрамоглуллары Түркиядан арнайы келді. Шетелдік қонақпен бірге Ержан Кушанов, Владислав Островерхов сынды отандық музыканттар өнер көрсетті.

Шетелдік әріптестермен бірігіп кеш беру көптен ойыма алған ісім еді. Анталиялық флейташы Леля ханым шақыруды қабыл алғанда қатты қуандым. Бұл концерттердің соңы емес. Бұйырса, күзде Жамбыл атындағы филормонияда ауқымы үлкен кешіміз өтеді. Бүгінгі құраммен жаңаша туындылар орындайтын боламыз…”,- деді ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова,

Шарада әлем классикасының маржандарымен қоса, қазақ музыкасында айрықша орынға ие Нұрғиса Тілендиев шығармалары және түрік композиторларының тың туындылары тыңдарманға ұсынылды. Өнерпаздар кеш соңында әлемдік саз жауһарларынан бірігіп бірнеше шығарма орындады.

Леля Байрамоглуллары: “Қазақстанға алғаш келуім. Бірінші рет келсем де, бұл ел мені өз үйім сияқты қарсы алды. Бүгінгі кеш үшін Жәния ханымға рақмет айтамын. Қоржынымдағы шығармалардың әрқайсысының өз тарихы бар. Солардың бірнешеуін ойнап бердім. Тыңдарманға ұнады деген сенімдемін”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *