BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Алматыдағы қарттар мекендейтін Әлеуметтік қамқор үйінде Анталья симфониялық оркестрінің өнерпазы (флейта) Леля Байрамоғұллары қарттарға арнап концерт қойды.  Концерттің салтанатты ашылуында Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ: «Бас консулдық тарапынан әлеуметтік-мәдени шараларымыз жалғаса береді. Бүгін Леля ханымның концертін ұйымдастырсақ, 19 мамырда Ататүрікті еске алу, жастар мен спорт күнін атап өтеміз. Сондай-ақ, мамыр айында Түрік асханасы апталығы бар”, – деді.

Антальядан арнайы келген Леля Байрамоғұллары ханым да әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде әр түрлі елде қайырымдылық концерттерін жиі өткізетінін айтты: «Мен үшін балалар мен қарттардың орны бөлек. Оларға өз өнерім арқылы рухани ләззат сыйлау – азаматтық борышым. Қазақстанға келерде осы концертті алдын ала жоспарлаған болатынмын».

Алматыда 2001 жылы ашылған Әлеуметтік қамқор үйі – бүкіл ТМД елдері ішінде тек Қазақстанда жүзеге асырылған бірегей жоба. Әлеуметтік қамқор үйінде 74 пәтер бар. Зейнеткерлік жастағы азаматтардың 1 мезгіл ыстық тамағы, медициналық көмек, тұрмыстық қажеттілік сияқты барлық мұқтажын өтеуге жағдай жасалған.

Мекеме басшысы Дүйсенғожа Тұрысбековтің айтуынша, қариялар үшін әртүрлі мерекелік және мәдени шаралар жиі ұйымдастырылатын көрінеді: «Бүгін әлемдік деңгейдегі жұлдыз Леля ханымның бізге арнайы келіп, қарттарға құрмет көрсетуі – біз үшін үлкен мәртебе. Әрі ата-апалар үшін де рухани демалыс болды», – деді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *