BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMЕл

ТАРАЗДЫҚТАР «ТҮН» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

Тараздық жастардан құралған жеке, жас театр қалың көрерменге Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасы желісімен жазылған туындыны ұсынды. Эксперименталды абсурд жанрындағы спектакль бұған дейін Алматыда сахналанған.

Шығарма өмірдің өзінен алып жазылған шындық. Онда дамып жатқан заман жетістіктерінен шет қалған ауыл өмірі суреттеледі. Редакторының тапсырмасымен қыстың ұзақ кешінде жолға шыққан жас журналистің басынан кешкен оқиғасы кез-келген оқырманды бей-жай қалдырмайды. Жазушының осынау қоғамның ащы шындығын баяндаған шағын ғана дүниесін жас режиссер Ерасыл Битанов сахналық қойылымға айналдырып, халыққа ұсынып отыр.

  • Студенттік кезімнен Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасын сахналауға дайындалып жүргеніме 3-4 жылдың шамасы болды. Осы шығармаға келіп тоқталдық. Қойылым эксперименталды абсурд болып саналады. Топта 10 адам бар. Өздеріңз де куә боласыздар, бұл қойылым халықпен ойнатылады, — дейді режисер Ерасыл Битанов    

Екі-үш беттік дүниеден 45-50 минуттық қойылым жасауы да шеберлікті қажет етеді.Бұл қойылымды сахналауға өнерпаздар 2 айдай уақыт жұмсаған.Алдағы уақытта театр қоржынына комедия жанрындағы қойылымдарды қосу жоспарда.

  •  Өте керемет! Жақсы әсер алдым. Тіпті актерлардың ойнау шеберлігі керемет. Енді өз мүмкіндігінше ойнап шықты деп ойлаймын. Дем театры жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан театр ғой. Алдағы басқа да қойылмдарына, жұмыстарына сәттілік тілеймін! – дейді қала тұрғыны Назерке Шайзадаева          

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *