BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARQOǴAMАймақ

PASCH БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Таразда алғаш рет PASCH бағдарламасы енгізілді. Енді Төле би атындағы №8 гимназияның неміс тілі ұстаздары Германияда біліктіліктерін арттыра алады. «Мектептер: болашақ серіктестері» жобасы арқылы қолға алынған бастаманың игіліктері туралы алдағы бейнематериалда.  

PASCH бағдарламасы неміс тілі мұғалімдеріне арналған жоба. «Мектептер: болашақ серіктестері» деп аталатын елдегі бастама  Төле би атындағы №8  гимназия базасына енгізіліп отыр. PASCH жобасы шет елде білім алуды қолжетімді етіп, ұстаздардың ой-өрісін кеңейуге көмектеседі дейді жауаптылар. 

  • Бұл мектеп ПАШ жобасында ұсынылған. Сапардың мақсаты мектепті, облыстың, горононың жоғары тұрған органдарын және осы жоба туралы барлық қатысушыларды хабардар ету. ПAШ дегеніміз не, ПAШ нені қамтиды? деген сұрақтарға жауап беру, — дейді Pasch-schule–нің координаторы Александра Смитс

Неміс тілі ұстаздарының айтуынша бұл бағдарлама Германияда білім алғысы келетін жандар үшін тиімді. Оқушылар алмасу бағдарламасы арқылы тегін тіл лагерлеріне аттанса, мұғалімдерде біліктіліктілігін арттыра алады.

  • Неміс тілі мұғалімдеріне қамқорлық жасау. Яғни, оқушылар мен тәжірибе алмасу, мұғалімдермен тәжірибе алмасу германяға жіберіп, түрлі оқу құралдарын сыйлыққа береді. Мысалы ноутбук, принтер, түрлі оқулықтар деген сияқты, — дейді неміс тілі мұғалімі Рабиға Мейірбекова

Айта кетейік, Гете-Институт PASCH бастамасын енгізген 550-ге жуық мектепті бақылап отырады. Нәтижесінде неміс тілін тереңдетіп оқыған оқушылар түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, грант иегері де атануы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *