AGROBASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kz

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

 «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» бастамасы аясында өтеді.

Елімізде 8 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы басталды. Жамбыл облысының тұрғындары да бұл бастаманы белсенді қолдауда. Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.

«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.

«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Сондай-ақ экологиялық науқан аясында Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағында ағаш отырғызу акциясы өтеді. Облыс орталығында және Жуалы ауданында «Таза аула, таза көше» байқауы өтеді.

Шу тұрғындары сенбілікті Теміржолшылар саябағында өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаңда және Комсомол көлінің жағасында жиналады.

Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

«Таза Қазақстан» акциясына «Жас ұлан» және «Жасыл ел» жасақтары да белсене атсалыспақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *