BASTY BETJAŃALYQTARЭкономика

БЕЙБІТ АТОМНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Мамандардың айтуынша, АЭС-тің көмір стансаларынан айырмашылығы зор. Аталған сала қоршаған ортаны улы газдармен, күлмен немесе  құрамында мұнай өнімдері бар зиянды қалдықтармен ластамайды. –дейді, — Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Бұл – атом энергиясы табиғатқа зиян келтірмейтін, экономикамыздың дамуына тың серпін беретін таза және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді. АЭС-ке дауыс беруі – бұл маңызды мемлекеттік жобаны қолдау ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметі мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға тікелей үлес қосуы. Мәселен, станцияны салу үшін мыңдаған білікті жұмысшылар мен құрылыс мамандары қажет болады,-дейді сарапшылар.

  • Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін энергия тапшылығын жоюымыз керек,электр энергияның қоры болу керек.Жаңа электр станцияның құрылысы қажет.Электр станциялары заман талабына сай электр станцияларының бірі бұл-атом электр станциясы болып табылады. Бір Францияны алар болсақ,54 атом электр станциясы жұмысын атқарып отыр.Қазақстан Республикасын алар болсақ территориясынан 6 Франция сыяды.Жыл сайын АЭС –нан түсетін пайдасы 20 миллиард евродан астам, — дейді М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ проректор Сейітжан Орынбаев

Әлемде қазірге дейін 500-ге тарта атом электр стансалары бар.Оның көбі АҚШ пен Еуропада орналасқан.Сонымен қатар дамушы елдерді қосқанда,50 мемлекетте де ядролық реактор бар.Елімізде уранның өндіру бойынша бірінші тұрғанын ескерсек,АЭС салуда басқа елдерге қарағанда әлеуеті әлде қайда жоғары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *