BASTY BETJAŃALYQTAR

ТАРАЗДА КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР КЕШІ ӨТТІ

Таразда «Күзгі әуен» классикалық өнер кеші өтті. Жамбыл облысының 85жылдығына орай ұйымдастырылған кеште елімізге танымал өнер жұлдыздары қатысып, жамбылдықтарға көтеріңкі-көңіл күй сыйлады, — деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Классикалық музыка кеші Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан аясында өтті. Өнер кешіне әлем операсының алтын дауысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин сынды елімізге танымал өнер жұлзыдары қатысты.  Майра Мұхамедқызы тараздықтарды  өңірдің 85 жылдығымен құттықтап ізгі тілктерін жеткізді.

  • Тараз әрқашан өнердің алдында. Тараз әр қашан мерекенің алдында. Сондықтан осы тараздың халқына мен шын жүгімнен үлкен ден саулық тілеймін. Амандық тілеймін. Өсіп өркендеп, қала жайнай берсін,- дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы

Классикалық музыка кешін өткізудегі басты мақсат — отандық опера орындаушылар арқылы көрерменді сахна мәдениетін тануға, классикалық үлгідегі кәсіби музыканы тыңдай білуге, Классикалық өнерге деген жаңа көзқарас қалыптастыру болып табылады.  Ал кеш қала тұрғындарының да көңілінен шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *