BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

8 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРГЕ БАРАДЫ

Биылғы жылы облыста  12 сауықтыру лагерьлері мен орталықтардың  8-і жұмыс істеуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оның біреуі жыл бойы жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы, 7-і маусымдық  лагерьлер. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7454 баланы сауықтырумен қамту жоспарлануда.  Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 660 млн. теңгеге жуық қаражат қарастырылған,- деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Биыл екінші жыл қатарынан қала сыртындағы лагерьлерде демалыспен қамтылған балалардың үлесін арттыру мақсатында «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыстың оқу үздіктері, түрлі жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары демалыспен қамтылатын болады. Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда 1715 баланың тізімі жинақталуда. Ал балалардың тамақтануына білім беруқорынан  188млн. теңгеден аса қаражат бөлініпті.

  • Сол сияқты, мектеп жанындағы тамақтанумен жұмыс істейтін 405 лагерьлер 3 маусымнан бастап, екі ауысымда 36259 баланы қамтитын болады. Оған жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 181,3 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін 430 мектептің демалыс алаңдарында мектеп аумағын көгалдандыру, абаттандандыру, экологиялық  және т.б. топтарда 28 мыңға жуық бала қамтылады,- дейді ЖО әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары  Мұхит  Нысанбаев

Сонымен қатар түрлі бағыттағы экскурсиялармен 23 мың бала, мектептегі және мектептен тыс үйірмелерде 103 мыннан аса бала қамтылса, дебаттық және пәндік олимпиадаларға дайындық жүргізіп, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің белсенді топтарында 19 мыңнан аса балалар шұғылданады деп күтілуде,-дейті жауаптылар.    Жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «2024 жылғы суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шаралары туралы» ведомствоаралық жоспар бекітілген.

  • Қазіргі таңда сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті төтенше жағдайлар департаменті тарапынан инструкторларды курстан өткізу және балалардың денсаулығына бақылау жасау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері лагерь басшыларына, медицина қызметкерлеріне арналған семинар-кеңестер ұйымдастырылуда,- дейді ЖО әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары  Мұхит  Нысанбаев

Айта кетейік 2 мамырдан бастап бастап облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері тарапынан қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріндегі ауыз суды, топырақты және басқа қажетті бағыттар бойынша зертханалық тексерулер басталды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *