ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Биыл мемлекеттік білім гранты конкурсына құжаттарды 13-ші шілде мен 20-шы шілде аралығында қабылдайды. Яғни кешегі күннен бастап өңірдегі ЖОО-на түсуші талапкерлерге оқу орнының есігі ашық. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кез келген азамат, талапкер келіп, құжаттарын не өз қолымен, не виртуалды қабылдау арқылы тапсыра алатынын айтқан еді.

Әлия ЖАҢАБАЕВА МЕКТЕП БІТІРУШІ ТАЛАПКЕР

Мен осы ЖОО-на құжат тапсыруға келдім, сәтті тапсырдым. Енді нәтижесін күтемін…Мен құжаттарды оффлайн түрде тапсырдым, маған оффлайн түрде оңай болды

Қарақат ЖАНБОЛАТ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТАЛАПКЕР

Өздерің армандап жүрген универлерге түсуге тілектеспін. Ата-аналарыңның үмітін ақтасаңдар ең бастысы-осы…Қазір технологиялар дамып жатыр, осы технологияларды дамытқым келеді, сол үшін осы IT таңдап жатырмын, Алла қалап,соған түсіп кетсем жақсы болар еді.

Биыл жалпы магистратураға, докторантураға және бакалавриатқа 88 111 грант бөлінген.  Бұл былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға көп. Олардың ішінде 73 мың грант бакалавриат бағдарламаларына арналған.

Әлібек САБЫР КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІСІ

Құжаттардың бәрін тек 1 күнде жинадым тез жиналды бәрі, өзіме сенімдімін, бәрі жақсы, оқуға түсетініме.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік білім тапсырысы 57 000-нан 73 000-ға дейін арттырылыпты. Атап айтқанда, техникалық бағыттар бойынша грант саны 40%-дан 60%-ға дейін көбейген. Бакалавриат бойынша 17 000 грант бөлінген. Ал, арнайы тестілеудегі шекті балл 50-ден 70 баллға көтерілген.  Қашықтықтан оқу формасы жоқ, дегенмен талапкерлерге қашықтықтан құжат тапсыруға жағдай жасалған.

Айдар ӘБІЛДАЕВ  ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл айтатын жаңалық… бізде қабылдау комиссясының  виртуалды қабылдау түрі жұмыс істеп жатыр. Онлайн түрде де құжаттарды қабылдау рұқсат етілген//…егер де әке-шешесінің біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болған уақытына қарамайды. Былтыр бізде кемінде 3 жыл ғана жарайтын еді, биылға уақытына қарамайды///колледжден кейін тек 1 ғана білім беру бағдарламасын, және 1 ғана оқу орнын таңдай алады.

Статистика сүйенсек, осы жылғы ең көп қолданысқа ие мамандық -педагогика бағыты бойынша екен. Сондықтан педагогикалық мамандықтарға ЖОО таңдау кезінде шектеулер қойылған. Осы орайда колледж талапкерлері тек 1 ғана университетті таңдай алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.