TARAZ 24 ONLINE ruГлавная страницаНовости

ТАРАЗДА ЖАҢА ӘКІМ

Бүгін Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аймақ активіне  шаһар басшысын таныстырды. Қаланың өзекті мәселесін атап өтіп, жүктемелерін тапсырды. Бүгін сондай-ақ жамбыл облысы әкімінің екі бірдей орынбасары тағайындалды.  Жиыннан әріптесім Ақкенже Асанқызы тарқатады.

Тараз — тарих пен бүгінді байланыстырып тұрған Қазақстандағы жалғыз қала.Дәл осы статусты сақтай отырып шаһарды басқару оңай шаруа емес. Дегенмен, 400 мың ғана халқы бар Таразда мәселе де бар, ауқымды жұмыстар көп. Ал, жауаптылар жаңа басшы сол үддеден шығады деген сенім білдірілді.

Батырбек КҰЛЕКЕЕВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ

Депутаттар бір ауыздан қолдадық. Себебі,  Бақытжан Әмірбекұлын бараз уақыттан бері білеміз. Осы Жамбыл облысында оқып, соымен қатар, құрылыс және жол басқармаларында қызмет атқарған. Қазіргі тағайындалып отырған қызметін қалтқысыз атқаратынына сенеміз.

облыс әкімі  тарапынан оннан аса күрделі мәселе жеке-жеке аталды. Мәселен, шаһардағы 1388 жолдың 40 пайызында асфальт жоқ. Ал, 1399 тұрғын үйдің 800-ге жуығы модернизациялауды талап етеді. Сонымен қатар, аймақтағы 60 мектептің 17-сі күрделі жөндеуден өткізуді сұрап тұр. Нақтысы, тұрғындар арасында айтылып-ақ жүрген мәселелер. Енді, түйіткілдерді шешу,  жаңа басшыға тапсырылды.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тараз қаласында көптеген проблемалар бар. Оны өздеріңіз көріп жүрсіздер./Соңғы 3 жылдың ішінде жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ, кейбірі жалғасын таппай отыр. Соларды жалғастырыңыздар.

Айта кетейік, шаһар басшысымен қоса, бүгін облыс әкімінің жаңа орынбасарлары болып Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ибрайханов тағайындалды. Жаңа лауазымға ие болған басшыларға облыс әкімі сәттілік тіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *