НЕСИЕ АЛУ ҚИЫНДАДЫ

Енді тұрақты табысы жоқ азаматтарға несие беру шектеледі. Кредит алушының табыс көзі туралы мәліметтері жіті тексерілетін болады. Бұл туралы апта бұрын хабарланған еді. Нақтысы, банктер тек анықтамаларға сүйене отырып берешек беруге құқылы. Президенттің жаңа шешімін халық қалай қабылдады? Аймақ жұртшылығының күнкөріс жағдайы жете ме? Әріптесім Назерке Аяздың материалында.

Қоғамда аса кең көлемде несие алып, сан соғып жатқандар көп. Жиһаз, техника, киімдерді, тіпті күнделікті ішер асты да ұялы телефон қосымшасы арқылы несиеге алатындар кездеседі. Енді елімізде кредитті азаматтардың табыс көзіне қарай беретін болды. Яғни берешек сомасы  айлық табысыңыздың 50%  аспауы шарт. Халықтың пікірімен санастық.

 ТҰРҒЫНДАР:

Үйде бәрінде бар, жоқ шығар ондай адам…кредит бермеу деген мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын енді оны адаманың жағдайына да қарау керек қой…айлықты жеткізе алмағандықтан, сол үшін ғана алып жатыр, ал былай айлық жетіп тұрса кімге керек?…айлықты көтеру керек немесе бағаны түсіру керек.

Төлей алатын, жейтін жағдайымызға қарай аламыз өзіміздің шамамызға қарай…оны біз өзіміз аламыз ғой, біз қатты мұқтаж болған соң, қара халыққа керек ол…негізі алмауға тырысу керек, алмауымыз керек бірақ аламыз, қазақпыз ғой

Мен ондай кредитке қарсымын, өзім пенсионермін, алмаймын. Ондайды ұнатпаймын

Аталған өзгеріс барлық, микрокредиттерге, қарызға беру ұйымдарына қатысты. Өткен жылдары азаматтардың кредит рәсімдеу жүйесі 15 күнде зерттеліп, қаралатын еді. Ал қазір несие алу үшін 1-ақ тәулік керек. Жұртшылық қажеттілігіне жеткіземіз дегенімен, әр алған берешек несие тарихында жазылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Тараз қаласындағы басқарма басшысының мәлімдеуінше, азамат несие алмас бұрын келешегін ойлауы шарт. Себебі несие тарихы өзгертілмейді.

Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ  ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Әр бір кредит беретін ұйым кредит берер алдында сол бюродан ақпаратты алып, төлем қабілеттілігін, берешек тарихын тексереді. Содан соң барып қана береді…бір дегенде бірнеше несиелер алып алатындар бар, сол жағдайды алдын алу мақсатында жүргізіліп отырған заң бұл. Несиені алып, төлей алмай қалмас үшін керек.

 Басқарма басшысы «банк қызметкерлерінің міндеті – халықтың өтінішін орындап, ақпаратпен қамтамасыз ету, ал халықтың міндеті: «тәуекелге бас тікпес бұрын, жақсылап ойлану» деген пікірде.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.