ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА 2 440 НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Қазақстанда «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Қарыздың жалпы сомасы – 72 млрд теңге. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге болса, Астана мен Алматыда – 36 млн теңге,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі, «Аtameken Business»-арнасына сілтеме жасап.
Бұл бағдарламамен өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері баспаналы бола алады.
Алғашқы жарна. Бастапқы нарықтан дайын баспананы алу үшін – 10%. Ал жөндеу жасалмаған жаңа үй мен қайталама нарықтан баспана алғысы келетіндер 20% жарна төлеуі тиіс. Өтінімдерді қабылдау 17 наурызда басталмақ.