ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ПАЙДАСЫ ЗОР
Биыл 2025 жылды мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осы орайда өңірде былтыр «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры құрылған болатын. Белсенді азаматтардың бастамасымен құрылған қордың қатары елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтармен толығып, еңбек адамдарына қол ұшын созуда.
Қазірде қоғамдық қордың жақтастарының саны 8 мыңнан асып жығылады. Олардың арасында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлері, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер мен журналистер, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Қордың әрбір әлеуметті жобасына қатысушылар белсенді қатысқан.
Қордың негізгі мақсаты еңбек адамының құқығын қорғау, осы бағытта Жамбыл облыстық өкілдігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы жылы Еңбек инспекциясымен бірге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр-дейді «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚҚ ЖО өкілдігінің жетекшісі Жангелді ОМАРОВ
Аз уақыт ішінде қордың жеткен жетістіктері ауқымды. Мәселен, қордың заңгерлері еңбек адамдарына тегін заң көмегін көрсетеді. Еңбек қатынастарын реттеу — еңбек шартын жасаудан басталады дейді, қордың жетекшісі.Сондай-ақ қордың өңірдегі серіктестерінің қатары да артқан.
// Біз кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыстамыз. Өкілдік «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалымен, “AQNIET” Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалымен, Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен, сонымен қатар, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойд,. — дейді «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚҚ ЖО өкілдігінің жетекшісі Жангелді ОМАРОВ
Жыл аясында Қор бірқатар төл бастамаларын жария етті. Олардың бірі Жосықсыз жұмыс беруші реестрі. Яғни, қор Еңбек кодексін бұзып, жұмыскердің еңбек құқығын бұзған әрбір жұмыс берушіні арнайы тізімге қосады. Болашақта реестрге кірген жұмыс беруші басқа жұмыс іздеп жүрген адамдарды алдай алмайды. Еңбек қатынасын реттеуде елімізде алғашқы рет жасалғалы отырған реестр – қоғамдық бақылаудың маңызды тетігі болмақ.