ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІР ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРДЫ
Бүгін таңертен «101» нөміріне көмек сұраған қоңырау келіп түсті. Қоңырауда «Алматы-Ташкент» тас жолының 6-шақырымында, Б. Момышұлы ауылының маңында, қар құрсауында қалған отбасы туралы хабарланды. Автокөлікте толғағы басталған жүкті әйел, екі бала және ер адам болған-деп хабарлайды «Tazaz24newsKZ» ақпараттық агентігі.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, көліктегі болашақ ана мен екі баланы өрт сөндіру көлігіне эвакуациялап, көлікті ер адаммен бірге қауіпсіз жерге сүйреп жеткізді. Одан кейін әйелді Б. Момышұлы ауылының медициналық пунктіне жеткізді. Ер адам мен балалар туыстарына жөнелтілді.