АЭС ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУҒА ҮМІТКЕР КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің жетекшілігімен Қазақстан делегациясы Ресейге іссапармен барып қайтты,-деп хабарлайды «Taraz24newsKZ» ақпарат агентігі.
Ведомствоның ақпаратынша, бұл сапардың негізгі мақсаты — Ленинградтық АЭС-тың жұмыс тәжірибесімен танысу және ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буын энергоблоктарының технологияларын зерттеу болды. ВВЭР-1200 реакторы — «Росатом» мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы.
Қазақстанның Ресейге сапары АЭС салуға қажетті технология жеткізушілермен жүргізілген диалогтың соңғы кезеңі болды. Бұған дейін делегация Оңтүстік Корея, Франция және Қытайға барып қайтқан еді.
Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді:
-Ресейдің — «Росатом»;
-Қытайдың -CNNC;
-Оңтүстік Кореяның- KHNP;
-Францияның-EDF компаниялары;
Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.