ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТЕННИС ТУРНИРІ

Жастар мен балаларды спортқа баулу және дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ҚР мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына орай «Аманат» партиясы мен спорт бөлімінің қолдауымен теннистен турнир өткізілді. Бұл туралы  taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

-Бүгін қаламызда жастар арасында Жеңімпаздар рухы атты теннистен турнир өтті.  Қатысушылар тартысты жарысқа барын салып дайындалған еді, бірер сәттен соң жүзден жүйріктер анықталады. Әзірге ойынды тамашалайық.

Жиенбай ӘБЖАНОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

жаз мезгілінде де балаларымыз жай жатпасын деп, спортпен айналысып, денелерпін шынықтыру мақсатында осындай кішігірім жарыс ұйымдастырдық. Жүлделерін Тараз қалалық әкімдігі мен спорт бөлімімен бірігіп, дипломдар мен сыйлықтар дайындадық, және Аманат партиясының қолдауымен 1,2,3 орындарға сыйлықтарымыз бар.

 

Жарыс «Тараз арена» спорт кешенінде ұйымдастырылып, санитарлық талаптар қатаң сақталды. Ойында 20 спортшы бақ сынап, олардың ішінде үздіктері  дипломдар мен арнайы сый-сыяпатқа бөленді.

Азамат ТОҚБЕРГЕН ОЙЫНШЫ

Бала кезден бері қатысып келе жатқан ойын болған соң жақсы дәрежеде өтетініне сенімдімін. Жарыстың бір ұнаған тұсы барлық қатысушыларға арнайы жүлделері бар екен, осындай өте пайдалы жарыстар көп болса екен. кем дегенде бір медальмен қайтамын деген үміт бар.

 

Назерке Аяз

Leave a Reply

Your email address will not be published.