СОТТАЛҒАНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

Бұрын сотты болған азаматтар алдынан кес-кестеп шығатын ең өзекті мәселе – екі қолға бір күрек табу. Жамбыл облысының өзінде, 5 түзеу мекемесінде 3510 адам түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Олардың 2150-і еңбекке қабілетті деп танылса, бүгінге дейін жартысы ғана жұмысқа орналасқан. Осы мәселені шешу үшін арнайы жиын өткізілді.

Соттылығы бар азаматтарды бері қойғанда, қазір жәй азаматтардың өзіне жұмыс табу қиын. Сондықтан мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолға алынуда.  Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арнайы кәсіпкерлермен бас қосты. Мақсат – уақытша және тұрақты жұмыс көзін ашу болып табылады.

Еркін НҰРБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Жұмыспен қамту арқылы азаматтар түзу жолға түсуде,  сотталушылардың мінез-құлқы түзелуде. Олар өз кәсібін ашып, мемлекет алдындағы қарызын өтей алады, еңбекақы алады, мекемедегі дүкендерден қажетті заттарын сатып алады. Бүгінде облыста 25 кәсіпкер өз кәсібін жүргізуде

Облыстың бірқатар бизнес өкілдері құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеуге, яғни сотталғандарды жұмысқа тартуға дайын екендіктерін жеткізді. Бірақ түрме мекемелерінің базасында бизнесті қалай ұйымдастыру керектігін кәсіпкерлердің барлығы бірдей түсінбейді. Дегенмен, шешім бар. Бұл мәселеде облыстың коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығы көмек

Айнұр ЗАУРБЕКОВА ЖО КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Серіктестікке мүмкіндіктер бар. Біз өз тарапымыздан кәсіпкерлерге көмектесуге,  бухгалтерлік және заңгерлік қызметтерді көрсетуге,  қолдап, бизнеске жол ашуға,кеңейтуге, қаржылық мақсаттарды белгілеуге және оларға қол жеткізуге дайынбыз

Айта кету керек, маусым айында сотталғандарға 21,6 миллион теңгеден астам жалақы есептелген. Жалпы алғанда, есепті кезеңде мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 94 млн.теңгеге талап арыздары өтелді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.