БАЛАЛАР ЕНДІ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ

Байзақтағы Кеңес ауылында жаңа спорт алаңшасы ашылды. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала екені белгілі. Ендігі шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ деп хабарлайды taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жергілікті бюджет есебінен алаңшаға 11 миллион 339 мың теңге бөлінді. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов оқушылар дүбірлі додаларда топ жаратын чемпион болатынына сенемін,-дейді.

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ АУДАН ӘКІМІ

Ауданда атақты чемпиондар көп болсын. Ауданның абыройын асқақтататын. Чемпиондар шығады деп сенеміз.

   Сонымен қатар футбол алаңшасында  кіші теннис столы, СтритВоркаут бой көтерген.

Белгібай ЕРАСЫЛ  ОҚУШЫ

-Бізге жастарға осындай спорт алаңшасын салып бергеніне алғысымыз шексіз.

Шәрия СЕЙТБЕКОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

-ауылымыз өркендей берсін, дами берсін дегім келеді.

Спортты жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сый болғаны анық

Leave a Reply

Your email address will not be published.