МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНДАР ӘУЛИЕАТАДА

Осы сенбіде Тараз төріне Азияның түкпір-түкпірінен мықты майталман мамандар келді. Мәртебелі меймандар аймақтың туризм саласын дамыту бағытына ден қойды. Екі күн өткен іс-шара нәтижесінде облыс орталығы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енуі мүмкін, деген болжам айтылды. Ендеше,  көне Тараз меймандарды  несімен таңғалдырды?  Ардана Жарылқасынның сюжетінен.

   Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 5-еуі – халықаралық ЮНЕСКО ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне алынған, 25-і – республикалық дәрежедегі, 698-і жергілікті маңыздағы ескерткіштер.

  Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Үш күндік сапарларыңызда Тараздың терең тарихымен танысып, жәдігерлерге бай екеніне, қолөнершілер қаласы атануына лайық екеніне көз жеткізе түсесіздер деп ойлаймын. Тарихымызды таныту арқылы туризмді дамыту бойынша ауқымды шаралар жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыс істейміз деген кәсіпкерлерге барлық қолдаулар көрсетіледі.

             –Өз кезегінде қонақтар жылы шыраймен қарсы алған жамбылдықтарға ризашылығын жеткізіп, аймақтың мәдени-рухани бағытындағы жұмыстарын оң бағалады. Облыстың қолөнершілік және туристік әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Саад-Аль КАДДУМИ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ

– Мен Тараз қаласына келгеніме қуаныштымын. Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Біздің ұйым қолөнершілердің еңбектерін бүкіл әлемге көрсетуге бағытталған. Осы қаланың қолөнершілерінің дамуына өз үлесіміді қосамыз.  

            Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізімі 2014 жылдан бері құрылуда. Бүгінгі таңда бұл тізімге әлемнің 55 қаласы енген. Сарапшылар  екі күн бойы «Көне Тараз шеберлері» қолөнер көрмесіне қатысып, қолөнерді жүзеге асыру нүктелерімен танысып, өңірдегі мәдени-тарихи нысандарды аралады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.