42 ЖЫЛ КҮТКЕН ҚУАНЫШ

Биыл байзақтықтар үшін қуанышты жағдай. Жыр болған жол мәселесі реттеліп жатыр. Тозығы жеткен, мүлде жол көрмеген ауыл жолдары орта және күрделі жөндеуден өтуде. Аудандық маңызы бар 132 шақырым, елді-мекен көшелерін құрайтын 421 шақырымда құрылыс жұмыстары қызу. Бұл туралы  taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

            Байзақтықтар бөркін аспанға лақтырмақ. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары,сонымен қатар ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың барлығы тақтайдай тегіс болмақ. Нақтыласақ 56 шақырымды құрайтын, 53 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары  жүріп жатыр. Жалпы бюджеттен 1 млр- қа жуық қаржы бөлінген.

             «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында ауданда 6 ауыл жолы жаңармақ. Жұмысқа жауапты Рауан мердігер компаниясы. Жалпы жұмысқа 10 техника 40 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда жұмыстардың 70 пайызы аяқталған. Жуырда ел игілігене беріледі- дейді басшылық.

 Жарқынбек ШОҒАЛОВ БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ  ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ         

Аудан бойынша «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 млрд 71 мын қаржы бөлініп, қолдау көрсетілген. Оған енді мынау Сарыкемер, Ботамойнақ, Мырзатай, Сенкібай, Дихан2, Абай, Көктал жалпы 6 ауылдық округте орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың аяғына дейін толыққанды аяқталады.

Ендігі ел тілегі еленді. Қуаныштың ерте-кеші жоқ. Мүлде қара жолды көрмеген дихандықтарға 42 жылдан соң тақтайдай тегіс жол төселуде. Балаларымыз шалшық су кешпей, көліктеріміз шұңқырға түспей зымырайтын болдық деп,- жұртшылық алғысын білдіруде.

Гүлжайна ШӘКІРБАЕВА ДИХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

            -Осы Дихан ауылының тұрғынымын, мұнда 42 жыл болды тұрамын. Мұнау енді балаларым бізге арнап жол салып берді, өте жақсы жолдарын. Бізге, бала-шағамызға жақсы болды. Көлектірімізге тегі жақсы болды. Зырлап барып, зырлап келеміз. Жаяу көшенің басынан әрең жүретін едік, енді міне өзімізде зырлап баратын болдық. Сендерге үлкен рахмет,үлкен алғыс.

Айта кетейік, жыл соңына дейін маңызы бар автокөлік жолдарын 96, ауыл ішілік жолдардың жағдайын 93 пайызға жеткізу тиіс. Осы тізімде ауданның маңызды 17 жолы да қамтылмақ.

Жасұлан Құрманқазы

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.