АБАЙЛАҢЫЗ, АПТАП ЫСТЫҚ!

Елде аптап ыстық. Күні кеше Маңғыстау облысында ауа температурасы 50 градусқа дейін жеткен еді. Рекордтық көрсеткіш соңғы рет былтыр мұнайлы өлкеде орын алған болатын. Мұндай жағдай біздің аймақта да күтілуде. Аптаптың беті қашан қайтады? Синоптиктер не дейді?

Назерке АЯЗ ТІЛШІ 

Соңғы 3 күнде елімізде ауа температирасы күрт жоғарыларды. Көше бойында шөл қысқан жұртты жиі кездестіреміз. Дені көлеңке іздеп жүр. Дәл қазір сынап бағанасы 39 градусты көрсетіп тұр. Бұл қашанға дейін жалғасады екен?

Синоптиктердің мәліметінше, қатты ыстық ай соңына дейін сақталатын болады.

Асия ЕРМЕКБАЕВА АУА РАЙЫН ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ БОЛЖАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шілденің 20-сы мен айдың соңына дейін қатты ыстық 39…44 градусқа дейін сақталады. Болжам бойынша Жамбыл облысында сандық сипаттама: қатты ыстық – 38 градус, өте қатты ыстық – 43 градус

Салдарынан қан қысымының көтерілуі, бастан күн өту, жүрек-қан тамырлары ауруымен эндокринді аурулар белең алып тұр. Тіпті психикаға да әсерін тигізеді. Ауа райының тез құбылуы денсаулығы нашар адамдарға ауыр тиеді, сондықтан мұндай ыстықта аса сақ болғандарыңыз жөн деп, ескертеді, мамандар. Ал, сіз шілденің шіліңгірінде қалай амалдаудасыздар?

Бекітілген схема бойынша өте қатты аптап ыстық туралы дауылды ескертулер әкімдіктерге, мүдделі ұйымдарға және төтенше жағдайларға жіберіледі. Содан кейін төтенше жағдай ұялы телефондарға дауылды хабарлама таратады. Сондықтан аталған белгілерге бей-жай қарамағаныңыз өзіңізге абзал.

 

Назерке Аяз

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.