ЖЕР ДАУЫНА «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ АРАЛАСПАҚ

Елдегі жайылымдық жерлердің 36 пайызы ғана мал шаруашылығына пайдаланылып келеді. Қалған 64 пайызы игерілмей бос жатыр. Бұл жайлы өткен жылы Мемлекет басшысы өзі мәлімдеген еді. Талайдан бері шаруалар осы мәселені шешіп беруін сұранған. Енді жер дауына «Аманат» партиясы араласпақ. Бұл туралы  taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

Жер комиссиясының құрамына: партия хатшысы Дәулет Кәрібек, Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары Айдос Сарым, Марат Шибұтов, Мақсат Толықбай сынды басқа да тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері кірді. Айта кетейік, «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы еліміздің барлық өңірінде жалғасуда.

Мейрамбай ДӨНЕНБАЕВ   «ШӘУШЕН» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

Біздің ауылда ең кедейде 50 қой бар. Комиссиямен қараймын десеңіздер жүріңіздер. Әйтпесе әр үйде 200-300 қой. 1 атар қой айдап жүрген біздің ауылда 15-20 адам бар. Ауылда отырып 2-3 атар мал бағып отырған т3-4 семья бар.

Бұл тақырыпты қозғаған кеңес де, ұйым да көп. Алайда партия жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының мақсаты нәтижеге жұмыс істеу,- дейді жауаптылар. Енді олар бос жатқан, яки заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға кіріспек.

Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ         «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ЖО ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

Бұл мәселемен ЖО жер қатынастары бөлімі 2 жыл айналысқан болатын. 486 мың гажерге мемарандум арқылы қол жеткізілді. Қазіргі таңда мал санына шаққандағы статистикаға келетін болсақ шамамен 700 мыңға жуық га жер жетіспейді. Негізгі мақсатымыз осы бағыттардағы жергілікті атқарушы органдр бар, шаруа иесі, депутаттар бар, осы мәселені біз бәріміз жұмылып айналыссақ,  деп отырмыз.

Иә, ел басшысы Тоқаев мұндай жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуге тапсырма бергені белгілі. Тіпті,  соңғы бірнеше ай ішінде партия мүшелерінің күшімен Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы 160 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылған-ды.

Бақтияр КӨПБОСЫНОВ   ЖО ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Прокуратурамен бірлесіп зерделеу жұмыстарын жасағанымызда 683 мың га жер жайылымы жетіспейтіні анықталды. Оның бірінші себебі мал басының көбеюі. Статистикаға қарасақ 1990 жылы 300 мың ірі қара мал болған, қазір 530 мың, жылқы 101 мың болса, қазір 151 мыңнан асады. Былайынша өсуін көріп отырмыз.

Мал саны артқан, былайынша сүйіншілейтін жаңалық. Бірақ әлем бойынша 9-шы орында тұрғанымызбен, нақты жайылым жерлер әлі де жетпей келеді. Партияның жаңа ғимаратындағы отырыста үлкен тартыс болды. Мамандар жер жоқ жесе, шаруалар «жер бар, тек тіршілік нәрі тапшы» дегенді айтты. Десе де, комияссия күні бүгінге дейін 700 га жерді қайтарып үлгерген.  Жауапты мамандар барлық түтйкіл алдағы уақытта жоғарыға ұсынылатынын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.