ТАРАЗДА КАНАЛДАР ТАЗАРТЫЛУДА

Тараз қаласы аумағында орналасқан ирригациялық арналардың 50 пайызы ескірген. Бұл толассыз жауын немесе көктем айларында тұрғындар үшін қолайсыздық туғызуда. Аталған кемшіліктер 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен ретке келтірілетін болады, дейді қала басшылығы. Бұл туралы  taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

Биыл ирригация жүйелерін тазарту жұмыстарына 200,0 млн теңге қарастырылды. Оған 6 каналды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мамандар тұрғындарға өз отрасын таза ұстауға, суларға қоқыс тастамауға шақырады.

Жалпы қала аумағында 2 дренаж және  ұзындығы 164  шақырымды  құрайтын арық жүйелері бар. Соның бірі – Қапал каналы. Қазір су жүйесі толық тазарып, қызу жұмыс мұнда. Атқарушы мердігер «BuildingLTD-2013» компаниясы. Қарбалас тірлік маңында бірнеше техникамен қатар 15 жұмысшы тартылған.

Мұрат КӘРІБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Қапал каналы ұзындығы 16 км. Биыл 17 куб қоқыс шығарылды. Былай айтқанда 90-95 пайыз жұмыс бітті.

Дәл осындай жұмыстар Сенкібай каналында іске асып жатыр. Ол жерде 15 520 тонна қоқыс шығарылды. Шағын Қарасу аумағындағы «Қарасу 1» каналында да   атқарылып жатқан тазарту жұмыстарына  тұрғындар дән риза. Өйткені су арналарын ашу  арқылы жақын маңайдағы жасыл желектерді суару , тұрғындардың бау бақшаларын сумен қамту қолжетімді болмақ. Айта кетейік, Таразда сондай-ақ Қарасу 2, Төрегелді және Үшбұлақ каналдары да тазартылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published.