ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНА ҚАРЫҚ БОЛАМЫЗ БА?

Аймақта мал басы артып, егін шаруашылығы қанат жайып келеді. Мәселен, биыл облыста 370 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілген. Ал  көкөніс және бақша өнімдерін егу 6,3 мың гектарға артыпты, деп хабарлайды taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі.

Елде қант мәселесі әлі де қызу талқыда. Өткен жылы жамбылдықтар 172 мың тонна қант қызылшасын жинап, оның  102 мың тоннасын қант зауыттарына өткізген. Ал, биыл шаруалар  бұл көрсеткішті 215 мың тонна өнімге жеткіземіз, – деген ниетте.

Саха МАНАТОВ  «АГРОХОЛДИНГ ASPAN» АШ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Қазіргі жағдайда өте керемет. Егер де осылай су тоқтамаса, бұйырса 80-90 тонна аламыз деген болжам бар. Былтыр 25 тонна алғанбыз гектарына. Себеп суда болған. Әйтеуір шықтық мәселеден үйтіп-бүйтіп.

Тәтті түбірдің тоннасы 30 мың теңгеге саудалануда. Оның тең жартысын қант зауыты төлесе, қалғанына субсидия арқылы көмек көрсетілуде. Кеңес үкіметі кезінде рекордтық өнім беріп келген байзақтықтар кенжелеп қалған қант қызылшасы кәсібінің ілгерілеуіне мемлекет алдағы уақытта да қолдау көрсетсе , – деген талап-тілегін білдірді.

Несіпкүл БАЙЖАНОВА «БАЙЖАНОВА Н.» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ

Техника алып жатырмын, үкіметке рақмет. Трактор , қызылша қазатын құрылғылар алып жатырмыз. Бірақ енді кедейшілік не дегізбейді, сәл әліміз жетпей жатыр. Жеріміз аздау.

Жалпы, бүгінде күз болмай, облыс бойынша 82,3 мың гектар дәнді дақыл қамбаға түскен. Кәсіп иелері әр гектардан 16,8 центнер өнім алыпты. Бұдан өзге 26 мың тонна картоп, 95 мың тонна көкөніс пен 15 мың тонна бақша дақылдары жиналған.

Жасұлан ҚҰРМАНҒАЗЫ

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.