БАЛАЛАР ҚАЛАЙ ДЕМАЛУДА?

Жазғы маусымда  балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру ісі басты назарда болуы тиіс. Ал аймақта 3289 спорт секцияларыбар. Дәл қазіргі кезеңде балалар үш ай демалысты пайланып,  бос уақыттарын спорт нысандарында өткізуде деп хабарлайды taraz24news ақпарат агенттігінің тілшісі.

Назерке АЯЗ ТІЛШІ

Бұрында балалар жаз басталысымен-ақ ауылға ата-әжелерінің қасына, немесе сауықтыру лагерьлеріне баратын. Ал қазір бүлдіршіндер демалысты тиімді өткізу мақсатында түрлі спорт, және мынадай жүзу үйірмелері жұмыс істейді.//

Кәусар БИЛАЛ № 55 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

мен жүзуге анаммен келіп жүрмін. Маған жүзу ұнайды. Келіп жүргеніме 1 ай болып қалды, аптасына 3 рет келеміз//… мен болашақта әлем чемпионы болғым келеді//мен осы жақта көп достар таптым//… мен бұған дейін жүзуді білмейтінмін, осы жаққа келіп үйрендім///

Спорт кешені таңғы сағат 7-ден түнгі 11-ге дейінгі уақытта қарқынды жұмыс атқарады. Мұнда жүзуден басқа  волейбол, баскетбол, бокс, грек-рим ойындары, үстел теннисі, таэквондо, дзюдо-самбо және би үйірмелері бар. Барлығы 12 залы 8 спорт түріне арналады екен.

Нұрлан САУРЫҚОВ «ТАРАЗ -АРЕНА» СПОРТ САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

жазғы каникул кезінде балалар басқа спорт түрлерінен демалыс алды, ал бассейн үйірмелерінде бала көп. Бұл жерде біз балаларды 3 уақыт мезгілмен қабылдаймыз, ол азанғы сағат 9:00-11:00, түскі мезгіл мен кешкі мезгіл//…және де болашақта түрлі жарысқа қатысып, өнерін шыңдау мүмкіншілігі бар//

 Айта кетейік, жүзу үйімесіне балалар мен жасөспірімдерден басқа, үлкен ересектер де қатысады екен. Оның ішінде 6 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының жеткізуімен тегін сабақтар беріледі. Сондай-ақ студенттер мен мектеп жасындағы балаларға жыл бойына дейін 50% көмек көрсетілген. Алдын ала абонемент алу мерзімі 1 ай, 6 ай, және 1 жылға дейін жарайды. Айлық сабақтар 8000 тг құраса, 6 айлық 1 жылдық сабақтарда лимит жоқ екен. Яғни айына 8 рет емес, күн сайын да қатыса алады

Назерке Аяз

Leave a Reply

Your email address will not be published.