БАР ЖАҚСЫМЫЗ – БАЛАЛАРҒА!

Балалар жылы бүлдіршіндер үшін несімен есте қалуда? Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес қандай ілкімді істер атқарылуда? Бұл сауал әр қазақстандықты мазалауы тиіс. Бүгін Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері «Болашақ» сауықтыру лагерінде болып қайтты. «Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік акция өткізді.

Балалар жылына орай аймақтағы Болашақ сауықтыру лагерінде «Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік акциясы өтті. Шараға қаладағы ардагер кеңесімен бізге біз де қонақ болып келдік.

Жанат ТӨЛЕНҚЫЗЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ «АНАЛАР АЛҚАСЫНЫҢ» ТӨРАЙЫМЫ

 Бұл-ұрпақ сабақтастығы. Мына қарттар мен балалар арасындағы байланыс туды. Көріп отырғандарыңыздай ұлттық ойындарда да бір-бір ардагер, бір бала ойнап отыр.балаларымыз әрқашан да имәз болуы керек. Тек қана күлкі сыйлап, барлығы жақсы болуы керек.// бүгінгі келген ардагерлер саны 23-піз. Оның ішінде әкелер алқасы, аналар алқасы, қалалық арадагерлер кеңесінен адамдар келіп отырмыз.//

Демалушылар мен ардагерлер арасында шахмат, дойбы, сонымен қатар тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс сынды ұлттық ойындардан жарыс өтті. Қатысушылар «Отаным-бақыт мекені» атты тақырыпта асфальтқа сурет салудан да жарысты. Кеңес атынан жеңімпаздарға арнайы сый-сыяпаттар мен дипломдар табысталды. Акция соңында балмұздақтар таратылып, балалардың көңілі көтерілді.

Айжан МЕЙІРХАНОВА ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы болашақ лагеріне балаларымыз маусымның 15-не келді. 54 күн демалады//…осы орталықта дарынды балалар жетеді, ортағам өз өнерлерін көрсетіп жатыр//… осы қазақстанның балалары аман болсы, болашақтары жарқын болсын, жақсы демалып, жақсылықта жаңа оқу жылына келсін.//

Лагерьдегі демалыс уақыты 12 күнді қамтиды. Мұнда негізінен облыс аудандары мен қаламыздың көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары, онымен бірге өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау коммуналдық мемлекеттік  мекеменің тәрбиеленушілері күндік демалуда.  Айта кетейік, 9  топқа бөлінген әр топ 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген, әрі медициналық пункт те жұмыс істейді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.