«ТАРАЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТТЫ АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫ…»

Өткен түні шаһар қою  түтінге оранған еді. Шамамен кешкі сағат сегіздерде «Казфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытында, нақтысы  күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алған. Содан облыс әкімінің тапсырмасымен шұғыл түрде эколог, төтеншеліктер мен басқа да жауапты тұлғалардан арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгінде зерделеу жүргізілуде. Бұл жөнінде жауаптылар не дейді? Тұрғындарға қауіп жоқ па? Тілші тарқатсын!

       Нұржан НҰРЖІГІТОВ   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

“Казфосфат” ЖШС бүгінде өз жұмыстарын жалғастыруда. Тараздағы барлық бөлімі әдеттегідей. 

       Жамбыл облыстық экология департаменті Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінде өлшеу жүргізді. Нәтижесінде аммиак пен күкіртті сутегі бойынша ол мөлшерінен аспағандығы анықталған. Сөздеріне сенесек, тек фтор қосылыстарының аздап жоғарылауы байқалған.

       Рүстем ДӘУЛЕТ       ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Зауыттағы апат құбырдағы авриядық жағдайға байланысты орын алған. Зардар зардап шеккен ешкім жоқ. “Казфосфат” қызметкерлері де ешқандай жарақат алмаған. Алаңдайтын ештеңе жоқ. 

       Арман ҚАРАҒАЛИЕВ  «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС БАС ЭКОЛОГЫ

Енді иә, ауаның ласталғаны рас қой. Біз оны жоққа шығарып жатқан жоқпыз. Ал қай жерден қате ақпар тарағанын білмеймін. Фтордың шығуы мүмкін емес. Күкіртті жаққан кезде тек оксидтер ғана бөлінеді, оның химиялық құрамында фтор болмадйы.  Департаментпен бірігіп жасаған анализ бойынша  теріс ақпар шықпады.

         Ал, Тараз қаласының Сәтбаев көшесінде орналасқан «Қазгидромет» автоматтандырылған станциясының мәліметінше, ауадан зияндылығы жоғары заттар табылмаған. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында да зерделеу жүргізіліпті.

“ЖАҒДАЙДЫҢ МӘН-ЖАЙЫН ЖӘНЕ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН КАМЕРАЛЬДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ.  ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТІРКЕЛГЕННЕН КЕЙІН ҚОСЫМША ЖІБЕРІЛЕДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА, ДЕПАРТАМЕНТ ЖӘНЕ ҚАЗГИДРОМЕТ МАМАНДАРЫ БІРЛЕСІП, АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДЕ.”

ЖО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

        Десе де, түтінге тұншыққан тұрғындар «Тараз экологиялық апатты аймаққа айналды…» деп алаңдаушылық танытуда. Тіпті, зауытты мүлде жауып тастауын талап еткендер де бар. Ескертеміз, мән-жай әлі де зерттелу үстінде. Бірақ эколог маман Тимур Елеусізов пікірі мынадай.

           Тимур ЕЛЕУСІЗОВ     ЭКОЛОГ

Бұл -адамның тыныс алу жолдары мен терісіне әсері бар өте қауіпті газ. Егерде адамдардың қандай да бір ауырулары болса, олар асқынып кетуі мүмкін. Қазір қалада санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу қажет. Қала тұрғындары қалаға шықпай, шықса да бетперде киіп  жүргендері жөн

Гүлнар Тайжан, Нұртай Ыбырай, Мейірбек Сауранбай, АЙМАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published.