ПРЕЗИДЕНТ ПІКІРІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танидің жеке шақыруымен «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» тақырыбындағы форумға  қатысты. Осымен екінші рет өткізілген Қатар экономикалық жиынына әлемнің белді басшылары мен сақа саясаткерлері жиналды. Кілең  мықтылар басқосуында қаузалған тақырып – «Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі» болды.

  • Президент әуелі Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне, мұнан соң  арнайы панельдік сессиясына қатысты.  Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Ашық талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық саясаттағы сын-қатерлер, әсіресе Еуро­па­да болып жатқан геосаяси теке­тірес­тер аясында пікірін білдірді.

ГРАФИКА ер бала

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағ­дайға тап болған емес. Тіпті, қыр­ғиқа­бақ соғыс кезінде де Біріккен Ұлт­тар Ұйымының бірлігі бұдан әл­деқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның бо­лашағына қатты алаңдаймын. Осы рет­те, көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдас­тық­тың бірлік танытып, ынтымақтаса оты­рып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп са­най­мын.

  • Ресей-Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешетін уақыт келді. Бұл мәселеге БҰҰ тарапынан үлкен қолдау керек. Алайда, бұл ұйымның қауіпсіздік кеңесі әзірге қауқарсыздық танытып отыр. Президент Ресейге са­лынған ауыр санкциялық саясат сал­дарынан Қазақстан эко­но­микалық зардап шегуі мүмкін деген мо­дератордың сұрақтарына  да  жауап берді. Жалпы ашық әңгіме барысында әлемдік энергетика нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайға, халықаралық сауда мәселесіне байланысты ғаламдық сын-қатерлер де талқыланды. Сонымен қатар  жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер қабылданды.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.