ТАЗА ЖЕР – ТАЗА ҰСТАЛҒАН ЖЕР

Қоршаған ортаны көгалдандыру, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 -жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы енгізілген еді. Сол уақыттан бері еңбек жасағына мыңдаған тұрғын тартылды. Биыл Таразда қызу тірлікке 250 жастар  араласыпты.

  • Ақшагүл БЕКЕСОВА «ЖАСЫЛ ЕЛ – ТАРАЗ»  ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ

Еңбегіміз бағаланбайды, Тараз қаласының тұрғындары, тазалық сақтау бәріміздің жұмысымыз, өзіміз үшін денсаулығымыз үшін пайдалы. Жаз мезгілі болғандықтан мектептен, лагерьден келіп жатыр. Газонның беттерін қалай отырады, солай шашып кетеді, ящиктерге ешкім салмайды. 5-6 рет тазалап өтеміз, күніне екі рет мусор шығарамыз.

  • Былтыр жасақтағы 14-тен 29 жасқа дейінгі қоғамдық жұмысшылар саны 380-ді құраса, биыл 250-ге жуық адам қамтылған. Әр табиғат жанашыры өзіне берілген  қала ішіндегі саябақтар мен көше жолдарындағы тазалыққа жауапты. Айта кетейік,  бүгінде елде 200 мыңнан астам «Жасыл елдіктер» бар екен. Сарбаздардың ұрандары: «Таза жер-тазаланған жер емес, Таза жер-таза ұсталған жер».

Арайлым АРЫСТАНОВА «ЖАСЫЛ ЕЛ – ТАРАЗ»  ЖШС ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ, КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ УЧАСКЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Парктерде 12 адамнан, 5 адамнан, ең кемі 2 адамнан қамтылған. Қала ішінде Қазақ хандығында 2 адам, Жеңіс саябағында 12 адам, Қайрат Рысқұлбековте 7 адам, Көне Таразда 9 адам, Тектұрмаста 6-7 адам, солай қамтылған…Жұмыс уақытымыз таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 7-ге дейін. Ал жұмыспен қамту орталықтарынан жіберілген жұмысшылар сағат 5-те үйлеріне қайтарылады.

  • Тұрғындардың тазалық сақтау мәдениетін табиғат жанашырларынан артық ешкім білмес.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.