ОБЛЫС БЮДЖЕТІ АРТҚАН

Мәслихат комиссиясының отырысында өңірді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы сөз болды.  Нақтысы, іске асырылуы кеңінен талқыланды. Былтыр облыстық бюджеттің кірістері 537,4 млрд. теңгені құрапты. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда  42,3%  немесе 159,9 млрд. теңгеге артық, – дейді жауаптылар.

  • Пандемияға байланысты табысын жоғалтқан салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерге қарамастан, есеп бойынша бюджет кірістері артығымен орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалыпты. Меншікті кірістер 41,6 млрд. теңгені құрап, бюджетке 1,4 млрд қаражат жоспардан көп түскен. Жалпы кірістердің 7,7 %-ы меншікті кірістердің, 23,7 % – ы аудандар мен Тараз қаласынан түскен трансферттердің еншісінде.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ      ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Есепті жылда облыстық бюджетке республикалық бюджеттен 495,8 млрд.теңге сомасында трансферттер бөлінді. Қалған 127,5 млрд теңгесі бюджетаралық қатынастарға сәйкес, аудандар мен Тараз қаласынан аударылған трансферттер.2022 жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 44,0%  -ға, меншікті кірістер 24,8 %  -ға немесе 8,3 млрд теңгеге өсті.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.