ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ 92% МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН

Жамбыл облысы тұрғындарының 92 пайызы мемлекеттік тілді меңгергендер қатарында. Оның 71 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер. Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында тілдерді дамыту басқармасының басшысы бір жылда атқарған жұмыстар сондай-ақ  алдағы жоспарлармен бөлісті.

  • Әуелі тілді оқыту орталықтарына тоқталсақ. Есепті жылдың осы уақытына дейін орталыққа үш тіл бойынша 2421 тыңдаушы тегін курстарға қамтылды. Азаматтардың 137-і мемлекеттік тілде сабақ алды.
  • Мемлекеттік тілді меңгеру үшін тағы бір таптырмас мүмкіндік. Тіл үйренудің IT жобасы – «QazOnline» мобильдік қосымшасы әзірленді. Мұнда қолданушыларға қарапайым ғана деңгейде  16 сабақ жинақталған.
  • Сонымен қатар басқарманың жоспарына сәйкес  «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға – сауаттылық!» атты айлық өткізілді. Тексеру нәтижесінде  6099 көрнекі ақпарат қамтылды. 670 кемшілік анықталып, 47 көрнекілік түзетілді, қалған 623-ін түзетуге мерзім берілді.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.