МЕКТЕПТЕР АС МӘЗІРІН ҒАЛАМТОРДА ЖАРИЯЛАУҒА МІНДЕТТЕЛДІ

Енді қазақстандық оқушылардың ата-аналары мектепте қандай ас берілетінін онлайн форматта бақылай алады. Барлық білім ұялары тамақтандыруды ұйымдастыру туралы есеп беріп, ғаламторда ас мәзірін жариялап отыруы тиіс. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында мәлімдеді.
  • Әр білім мекемесі балаларға түскі және бесіндік асқа қандай тағамдар берілетінін ғаламторда жариялауы тиіс. Елімізде бірегей типті ас мәзірін даярлаумен тағамтану Академиясы айналысады. Кейін оны денсаулық сақтау министрлігі мақұлдайды. Соның негізінде барлық білім ұялары жеке карталарын жасайды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау және оқу-ағарту министрліктері мектептің типтік мәзірін жаңалауда.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ

Біз норманы бекіттік. Бірер күнде бұйрыққа қол қоямын, ол бойынша әр мектеп ата-аналарға арнап “Күнделік” немесе басқа жүйелер арқылы белгілі бір порталда асхана мәзірін жариялауға міндеттеледі. Тамақтану тақырыбына келгенде ақпараттың ашықтығы маңызды.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.