ПРЕЗИДЕНТ ПІКІРІ: ҚАЗАҚСТАН АТАУЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

«Екінші республика» ұғымы қолданысқа енгелі елдің ресми атауын өзгерту туралы ұсыныстар жиі айтылып жүргені рас. Бұған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз пікірін білдірді.

  • «Стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар», – дейді Президент.

Ең басты мәселе – біз тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық. Мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл, ең алдымен ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

  • Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Ұлытауда Ұлттық құрылтай өткізді. Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлығы күні кеше жарияланған еді.

Құрамдағы жасақталған 117 жанның қатарында ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, дінтанушы Қайрат Жолдыбай секілді азаматтар бар.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.