ӨЗГЕРІСТЕР КҮШІНЕ ЕНДІ

Естеріңізге салсақ, елде 5 маусым күні конституцияға байланысты референдум өткен еді. Аталған бүкіл халықтық іс-шараға дауыс беру құқығы бар 11 734 азаматтың 8 млн-ға жуығы дауыс берді. Жалпы, референдумға келгендер 68,05 пайызды құраған.

  • Азаматтардың 77,18 пайызы, нақты 6 млннан астамы Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдап, дауыс берген. Ал, қалған 18,66 пайызы қарсы болған. Дегенмен, бюллетеньдердің 3 пайызға жуығы жарамсыз болып, 1,58 пайызы дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГЕН НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР

  • Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
  • Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
  • Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
  • Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
  • Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
  • Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.
  • Айта кетейік, Конституциядағы түзетулерге дауыс беру Қазақстанның 12 аймағында  өтті. Сонымен қатар, республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесі болды.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.