ПӘТЕР АҚЫСЫНЫҢ 50 % КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

Жалға алып отырған пәтер ақыңыздың  50  пайызын мемлекет қамтамасыз етеді. Жыл басында қабылданған мұндай шешім, қазір өңірлерде жүзеге асуда. Ендеше, бұл жобаға қатысуға облыстан қанша отбасы өтініш тастады? Кімдер қатыса алады, арызыңызды арқалап қайда бара аласыз. Гүлнар Тайжан талқыласын.

  • Жобаны жүзеге асырушы тұрғын үймен қамтамасыз ететін  «Отбасы банкі». Өткен айдан бастап  субсидиясына өтініштер қабылдануда..

Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ    «ОТБАСЫ БАНК»БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 Қазір 18 сәуірден бастап ҚР бойынша тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын үкімет субсидиялау басталған болатын. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша 160-тан астам адам мақұлдауға растама алып қойды.  Бұған өтініш тастау үшін электронды қолтаңбасы керек, сол арқылы келіп өтініш беруге болады. 

  • Кімдер қатыса алады деген сауалға келсек. Өтінім берушінің соңғы 6 айдағы кіріс-шығысы қарастырылады. Отбасының әрбір мүшесінің табыс көзі есептеле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейі қарасырылады. Тұрғын үй кезегінде болуы міндетті. Ең соңғысы тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында заңды құжаты рәсімделу қажет. Өтінішті цифрлы қолтаңба арқылы онлайн да бере аласыз. Егер барлығы мақұлданып, бағдарламаға ілініп кетсеңіз, заңды үй кезегінен шығарылмайтынын да ескерген жөн. Аймақта 5867 адам осы талаптарға сәйкес келетін көрінеді.

ТАЛАП-ШАРТТАРЫ

  • 6 айдағы табыс көзі
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі
  • Тұрғын үй кезегі
  • Пәтер иесі мен жалға алушы арасында келісім-шарт

 /taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.