БІЗ, ЛАГЕРЬГЕ БАРАМЫЗ!

Бүгін жаздық сауықтыру орталықтары балалар үшін өз есіктерін айқара ашты. Солардың бірі – №56 орта мектеп жанындағы лагерь. Енді қаладан тысқары орналасқан Құмшағалдық балалар орталыққа барып, демалысты қызықты әрі достарымен өткізуге болады.

  • Лагерьге екі ауысымнан жалпы саны 500 бала бармақ. Бұл мектептің 90 пайызын құрайды.

 Нұрбол ӘБДІҚАЛЫҚ      №56 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

 1-5 сынып аралығы жазғы лагерьмен қамтылса, 6-7 сынып оқушылары жазғы көгалдандыру лагерьіне келеді. Балаларымызға биыл жақсы көңіл-күй сыйлаймыз,- деп ойлаймын. Себебі Тараздағы көнерген жерлерге апарамыз. 

  • Жазғы сауықтыру орталығында  балалар үшін түрлі танымдық сабақтар өткізіледі.  Мектептегідей партаға отырмайды. Бірақ, түрлі секцияларда ұлттық, мәдени және спорттық жарыстар күнде өткізіледі.  Биыл бағдарламаға туризм-өлкетану   секциялары қосылған. Тіл меңгеруге де мүмкіншілік бар.

 Нұрдина ЕРТАЙ     №56 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ

Жаздың бүгін бірінші күні. Менің бірінші күнім өте көңілді өтіп жатыр. Біз мектепке қайта оралдық. Біз сабақ оқу үшін емес, мектеп жанында орналасқан «Балауса» жазғы сауықтыру лагерьіне келдік. Бұл жерде уақытымызды өте тиімді өткізіп жатырмыз.

  • Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.  Ашық аспан, бейбіт әлемді бала көзқарастарымен жеткізді.

/taraz24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.