Түркия шекарасынан өткенде ПТР-тест көрсету тәртібі алынып тасталды

Түркияда бүгіннен бастап ел аумағына кіру үшін ПТР немесе антиген тестін көрсету тәртібі алынды.

Яғни шекарадағы барлық тексеру бекеттерінде енді шет елден келген адамдардан мұндай құжат талап етілмейді. Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Шешім елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты қабылданған. Еске сала кетейік, өткен дүйсенбі күні Түркияда барлық қоғамдық орындарда маскасыз жүруге рұқсат етілген болатын.

/24.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.