ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНЕМ!
Арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша облыс тұрғындарының 91 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Жалпы жамбылдықтардың үш тілді білу деңгейі 28,1 пайызды құрап отыр. Тіл саясатын іске асыру мақсатында аймақта «Тілдерді оқыту» орталықтары жұмыс істейді. Онда соңғы екі жылда жеті мыңнан астам тұрғын қазақ, орыс, ағылшын курстарынан өткен. Басымдық мемлекеттік тілге беріледі.
Иә, бір елде бірін-бірі түсінбейтін қос қазақ баласы. Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазбаға қарап, бірі күлсе, енді бірі күрсінді. Ел Президенті Тоқаев ай бұрын бір сұхбатында қазақстандықтарға орыс тілінсіз қиын болады, – деген еді.
Дей тұра, әр азамат мемлекеттік тілді меңгеруі тиістігін баса айтты . Қуантарлығы, қазақ тілінің қолданылу аясы облыста жоғары деңгейде. Оған бірден-бір дәлел – Тілдерді оқыту орталығы. Орталық тыңдаушыларының бірі – Анна Сладкова қазақ тіліне бұрыннан қызығушылық танытқан. «Іздегенге – сұраған», ай бұрын көшедегі тақтайшадағы жарнамаға көзі түсіп, бірден осында келген. Жалғыз емес, жолдасымен. Нәтиже жаман емес. Ең бастысы, ниет пен талпыныс.
Анна СЛАДКОВА ТЫҢДАУШЫ
– Мен 27 жастамын, сауда өкілімін. Менің отбасымда күйеуім, 2 қызым және бір ұлым бар. Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай, денсаулығыңыз қалай? Мен қазақ тілін өте жақсы білгім келеді
Тіл меңгерушілер үшін орталықта сабақтар арнайы мамандардың өткізуімен ақысыз жүргізіледі. Кәмелет жасқа толған кез келген азамат мұндай мүмкіндікке ие. Аудандара немесе ауылда тұрсаңыз, әр ауданда орталықтың филиалдары жұмыс істейді.
Снежана ТАҒАБЕРГЕНОВА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
–Қазіргі таңда қазақ тілінен бізде осы орталықта 6 оқытушы болса, менің өзімде 4 топ бар. Оның 3 тобы өз еріктерімен келген қала тұрығндары. Барлық топ, аптасына 5 рет келетіндер 2, 5 ай, аптасына 3 рет келетіндер 3,5 ай қазақ тілін оқиды.
Орталық директорының айтуынша, қазақ тілін меңгергісі келетіндер саны жыл сайын 30 пайызға артып отырады. Биылғы жылдың 7 айында 3163 адам тегін курстан өтсе, оның ішінде қазақ тілін 2367 тыңдаушы үйренуде.