Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мешітке барып, қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты.

“Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы “1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым” монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.

/tengrinews.kz/

Leave a Reply

Your email address will not be published.