682 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

 Аймақта өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі  2,8 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш  3,1 пайызға жеткен. Бірақ бұл жалғыз Жамбылда емес. Карантин түгел Қазақстанға әсер еткен. Оның үстіне жастар саны 255 мыңнан 258 мыңға артыпты. Осы себепті, жұмыспен қамту жәрмеңкелері жиі-жиі ұйымдастырылуда. Бүгін де кезекті ашық жұмыс жәрмеңкесі өтті.

  • Жәрмеңкеге қала бойынша – 55, ал аудандардан 153 мекеме қатысты. Келушілерге облыс орталығынан 300-ге жуық, ал аудандардан 400-ден аса  бос жұмыс орындары ұсынылды. 3 сағатқа созылған шара нәтижесінде екі қолға бір күрек тауып, шын қуанған жандардың бірі – Гүлнәзия Жанғалиева. 19 жастағы бойжеткен 1 жыл бойы жұмыссыз жүрген көрінеді.

  • Бұл – жыл басынан бергі 3-ші ашық жәрмеңке. Әр тоқсан сайын тұрақты түрде өткізілетін шара алдағы уақытта  жылжымалы жәрмеңке түрінде жалғасын таппақ.
  • Айта кетейік, барлық жасқа бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылған. «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» секілді бастамалар тұрақты қызметке жол ашпақ.

/taraz24.kz/

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.