Әлихан Смайылов Қазақстанда 5G енгізу бойынша тапсырма берді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда мемлекеттік органдардағы бизнес-үдерістердің реинжинирингі, азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзетудің оңайлатылған механизмін енгізу, сондай-ақ бесінші буындағы ұялы байланысты енгізу және дамыту (5G/IMT) барысы қаралды. Бірінші мәселе бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысының мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында процестер мен мемлекеттік органдар функцияларының кешенді реинжинирингі, сондай-ақ құжат айналымы мен есептілікті қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ол мерзімдер мен кезеңдерді екі есеге қысқартуды көздейтінін хабарлады. Бүгінгі таңда 100-ден астам бизнес-процесс бойынша жұмыс жүріп жатыр: оның 55-і бойынша реинжиниринг жүргізілсе, 35-і мемлекеттік органдардың келісуінде, 43 бизнес-процесс сипатталып, рәсімделді. Реинжиниринг азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету уақытын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді, жалпы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсартады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.